Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды

ашық дереккөзі

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды. Екі көлік соқтығысып, салдарынан 21 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі. Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты Гоголя мен Лобода көшелерінің қиылысында болған. Видео әлеуметтік желіде тараған.Полицейлер жол-көлік оқиғасы болған жерге барып, оқиғаның мән-жайын анықтаған. "Екі көлік соқтығысты - BMW мен Audi. Көлік тізгінен 21 мен 22 жастағы жүргізушілер басқарған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан BMW жүргізушісі жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді", - деді облыстық полиция департаментіндегілер.

Жүктелуде...