weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 сәуір, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейітжанқызы қайтыс болды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейітжанқызы қайтыс болды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейітжанқызы қайтыс болды
ашық дереккөзі
 width= Бұл туралы  Newsmakers.kz Telegram каналы хабарлады. Нурикамал Сейітжанқызы 1949 жылы 12 наурызда Ақмола облысы Державин ауданының Братолюбовка ауылында туған. Ұзақ жылдар лауазымды қызметтер атқарған. Ел арасында кең танылған «Нурикамал» әнінің кейіпкері. Әннің сөзін жазған – Ханбибі Есенқарақызы, ән авторы – Тұрдықылыш Ізтаев. Олар ерлі-зайыпты жандар. Ән 1988 жылы жарық көрген. Нурикамалға ғашық болып қалған Тұрдықылыш Ізтаев осы әнді жазады. Ол кезде отбасының үш баласы болған.
Ханбибі Есенқарақызы бір күні жарының пианино жанында отырғанын көреді. Жарының Нурикамал есімді бойжеткенге ғашық болып қалғанын біледі. Сол сәтте жарының атынан Нурикамалға өлең жазып, «Айтқың келгені осы ма еді?» деп, өлеңді жолдасына өзі әкеліп берген екен. Бүгінде бұл ән халыққа Жұбаныш Жексенұлының орындауымен танымал.