Алматы облысының тұрғыны дүкеннен сыра ұрлап, іш киіміне жасырған

Алматы облысының тұрғыны дүкеннен сыра ұрлап, іш киіміне жасырған

ашық дереккөзі

 width= Қапшағайда әйел дүкеннен сыра мен екі банкі консервіні ұрлап, іш киіміне жасырған, деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі Polisia.kz.-ке сілтеме жасап. Ұрлық  жасаған сәті бейне бақылау камераларына түсіп қалған. Қаскүнем дүкенге кіріп, бір банкі сыра алып, халат қалтасына салған. Содан кейін ол екі консервіні, халат астындағы көйлектің қалтасына салған. Осыдан кейін, тағы бір банка сыраны алып, іш киіміне салып, халаттың қалтасындағы бір сыраны төлеу үшін кассаға барды.

"Сатушы азаматшаның әрекеттерін бейнебақылау камералары арқылы байқап, ұрланған барлық тауарды қайтаруын сұраған. Қызметкердің ескертулерінен кейін, күдікті тауардың бір бөлігін қайтарып алды, ал ол байқамай қалған тауарды қымқырған",-деп атап өтті Қапшағай ПБ бастығының м.а. Исмаил Ахмедов.
Полицейлер 40 жастағы қала тұрғынын ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 187-бабы "ұсақ ұрлық"бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. https://youtu.be/mDdtyUoiBZQ

Жүктелуде...