Биыл Жеңіс күніне орай әскери парад өте ме?

Биыл Жеңіс күніне орай әскери парад өте ме?

ашық дереккөзі

   />

Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді, деп хабарлайды <a href=Newsroom+ақпарат агенттігі қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирустық инфекция бойынша жағдайдың тұрақталмауына байланысты Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад болмайды. Парадтың орнына қандай іс-шаралар өтетіні туралы әзірге айта алмаймыз", - деп түсіндірді қорғаныс министрлігі.
Еске салсақ, 2020 жылы да Қазақстанда коронавирустық пандемияға байланысты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтпеді. Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Бірақ ардагерлер назардан тыс қалмады. Оларды ел басшылығы, шенеуніктер, әскери қызметкерлер, еріктілер, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар құттықтады. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. 8 мамыр - сенбі. 9 мамыр - Жеңіс күні-жексенбіге келеді, сондықтан мереке демалыс күні дүйсенбі, 10 мамырға ауыстырылады.

Жүктелуде...