Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Bike» велосипед жалдау жүйесі қашан іске қосылады?

Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Bike» велосипед жалдау жүйесі қашан іске қосылады?

ашық дереккөзі

 width= Нұр-Сұлтан қаласында 15 сәуірде «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылады. Сәуір айының соңына дейін пайдаланушыларға 850 велосипед пен 154 велостанция қолжетімді болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Ауа райының қолайлы болуына байланысты қызметті 15 сәуірде іске қосу туралы шешім қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда бір ай бұрын болғалы отыр. Айта кету керек, веложабдықтың іске қосу-жөндеу жұмыстарының үлкен көлемі бір мезгілде барлық 154 велостанцияны іске қосуға мүмкіндік бермейді. Сол себепті бұл жұмыс 3 кезеңде жүргізіледі. Біріншісінде Есіл ауданы бойынша 400 велосипед және 62 велостанция іске қосылады.

Жүктелуде...