Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Аққойлы ауылында дүлей дауыл тұрып, тұрғын үйлер мен қора-жайлардың шатырын ұшырып кетті.
Жел екпінінің күшті болғаны соншалық, ағаштарды тамырымен құлатып, электр бағандарының сымдарын үзіп кеткен. Түскі сағат 3 шамасында соққан дауыл небәрі 5 минутқа созылған. Күн райы күрт өзгеріп, аспанға бұлт үйірілген. Артынша жұрт желден пана болар ықтасын іздеп, бас сауғалап кеткен. Көзді ашып-жұмғанша 17 үй шатырсыз қалды. Бір тәуірі, табиғат апатынан адамдар дін аман. Төрт түлік те түгел. Қазір ауыл тұрғындары бүлінген жерлерді бүтіндеп, орнын тазалауға кірісті. Аудан әкімдігінен арнайы штаб құрылды. Ал комиссия мүшелері апат шығынын есептеуде.
Ғани ҚАЛМАХАН
Сілтеме