weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
12 сәуір, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Еуропа елі туристерге 200 еуродан төлемек

Еуропа елі туристерге 200 еуродан төлемек

Еуропа елі туристерге 200 еуродан төлемек
ашық дереккөзі
 width= Мальта билігі ел аумағында кемінде үш күн болған туристердің әрқайсысына 200 еуро төлеуді жоспарлап отыр. Осылайша, Туризм министрлігі елдегі туризм саласын жандандырмақ, деп хабарлады Reuters. Мальтаның туризм министрі Клейтон Бартоло осы жазда қонақүйлерге тапсырыс берген саяхатшыларға ақша төлеуді ұсынды. Бартолоның айтуы бойынша, бес жұлдызды қонақ үйден бөлме жалдағандарға 200 еуро, төрт жұлдызды қонақ үй үшін 150 еуро, егер үш жұлдызды қонақ үйден бөлме жалдаса, туристерге 100 еуро төленеді. Ал егер саяхатшылар демалу үшін Гоцо аралын (Мальтаның солтүстігінде үш шақырым жерде) таңдаса, төлемдер 10%-ке артады.