Оқушылар іші пысқаннан үйді өртеп, оның видеосын желіге жүктеген

Оқушылар іші пысқаннан үйді өртеп, оның видеосын желіге жүктеген

ашық дереккөзі

 width= АҚШ-та  оқушылар іші пысқандықтан бос үйді өртеп, әлеуметтік желіде видео жариялаған кезде ұсталды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  New York Post-қа сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға Пенсильвания штатындағы Фернандейл ауданында болған. Полицияның мәліметінше, өртке 12 жастан 14 жасқа дейінгі төрт жасөспірімнің қатысы болған. Оларды Snapchat қосымшасы арқылы тауып алған. WPXI мектеп оқушылары диванға қорапты қойып, оған жанып жатқан қағаздарды лақтырғанын айтады. Сонымен қатар, олар аэрозольды баллон мен жәндіктер спрейін қолданған. Жасөспірімдер "іші пысқандықтан" өрт шығарғанын айтты  деп хабарлайды Фернандейл полициясының бастығы Джон Блэйк.  Оқиға салдарынан полицей мен өрт сөндіруші жеңіл жарақат алған.

Жүктелуде...