weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 сәуір, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өскемендік 19 жастағы бозбала көлік тонаған

Өскемендік 19 жастағы бозбала көлік тонаған

Өскемендік 19 жастағы бозбала көлік тонаған
ашық дереккөзі
 width= 19 жастағы жігіт Өскеменде көлікті тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жақында Риддер қаласының полиция бөлімінің “102” жедел арнасына 45 жастағы әйел хабарласып, белгісіз біреулер ашық тұрған оның “Мазда” автокөлігінің салонына кіріп, 60 мың теңге сомасында ақша қаражатын, флеш-картасы, маңдай шамын және амперметрді ұрлап кеткенін хабарлады. Осылайша, жалпы сомасы 75 мың теңгеге материалдық залал келтірді. – Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай 19 жастағы жігітті анықтап, жеткізді, ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.