
Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын күшейту туралы»
жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі.
Құжатқа сәйкес, 12 сәуірден бастап келесі шектеу шараларын енгізу жоспарланып отыр:
Бұған дейін қабылданған шаралардан басқа, қосымша: - банкет залдары;
- театр, кинотеатрлар; - облысаралық/қалаларалық/ауданаралық тұрақты емес (туристік) автобустар (микроавтобус) тасымал қозғалысы,
- облысаралық (қалаларалық) ауданаралық тұрақты автобустар (микроавтобус) қозғалысы,
- спорттық шаралар, соның ішінде чемпионаттар, аудан, облыс және республикалық деңгейдегі жарыстар өткізуге,
- білім орталықтарынан басқа, спорттық, би, гимнастикалық және осыған ұқсас секциялар мен үйірмелер, - мәдениет нысандары (мұражайлар, Мәдениет үйлері, концерт залдары және т.б.),
- Құрылыс материалдары, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатумен айналысатын нысандардан басқа, аумағы 2000 шаршы метрден көп, азық-түлік сатпайтын (бөлек тұрған) дүкендер қызметіне тыйым салынады.