
Отандық танымал актриса "Келінжан", "Өткінші жаңбыр" сериалдарында рөл сомдаған Нұргүл Мыңғатова сәбилі болды. Өнер иесі жолдасына ұл бала сыйлаған деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі.
Сүйінші хабарды Нұрғүл Мыңғатованың өзі Instagram парақшасында хабарлаған. Өнер иесі өміріндегі бақытты сәттерімен қалың көпшілікпен бөлісуді жөн көрген.
https://www.instagram.com/p/CNZavfSBbed/
"Аллаға шүкір. Жақсы жаңалығым. 08.04.2021. Ұлды болдық. Баршаңызға мың алғыс" , - деп жазды актриса.
Мыңғатованы арнайы құттықтаған жұлдызды оқырмандары арасында Алтынай Жорабаева, Салтанат Бақаева, Жұлдыз Әбдікәрімова, Жазира Байырбекова және тағы да басқалар бар.