
Осыдан біраз уақыт бұрын “Жұмабектің бажасы” хит болған еді. Отырар ауданында автокөлікпен қарама-қарсы бағытқа шығып, жол ережесін бұзған жүргізуші өзін “Жұмабектің бажасы” деп таныстырып, жауапкершіліктен бұлтармақшы болды. Бұл жайт видео арқылы тарап, ел ішінде қызу пікір
тудырған еді. https://www.instagram.com/p/CNZj_yvFcY8/
Бүгін “Ержанның інісі” пайда болды. Өзін Ернұр деп таныстырған жас жігіт автобуста әлдекіммен сөзге келіп қалады. Сөзден-сөз туып, Ернұр өзін майор болып жұмыс істейтін Ержанның інісі екенін айтады. Ағасы “жоғарыда” жұмыс істейтінін айтып қарсыласының мысын баспақ болады. Бұл видео әлеуметтік желіде кең таралып, қызу талқылануда.