weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
7 сәуір, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елімізде су тасқыны болуы мүмкін өңірлер аталды

Елімізде су тасқыны болуы мүмкін өңірлер аталды

Елімізде су тасқыны болуы мүмкін өңірлер аталды
ашық дереккөзі
 width= Биыл ауқымды су тасқыны күтілмейді. Дегенмен қатты жауын-шашын болған жағдайда су басуы мүмкін бірқатар өңірлер бар. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлімдеді.
Қазгидромет" мәліметіне сйүенсек, биыл 2015, 2017 жылдары болғандай ауқымды су тасқыны күтілмейді. Ауа райының күрт өзгеруі және қатты жауын-шашын болған жағдайда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын жергілікті су басу қаупі бар", - деді Қожаниязов ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, қазір республиканың барлық аумағында қар қарқынды еріп жатыр.
Қар Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарының жазық бөлігінде толық еріп кетті. Алайда жазықта орналасқан елді мекендерде су басу қаупі тек көктемгі кезеңде ғана болса, таулы жерлерде су тасқыны қаупі тауларда қар ерігенде және қатты жауын-шашын болғанда туындайды", - деп ескертті Қожаниязов.