Тоқаев, Путин, Зеленский, Ердоған. Екпе салдырған президенттер қатарында тағы кімдер бар?

Тоқаев, Путин, Зеленский, Ердоған. Екпе салдырған президенттер қатарында тағы кімдер бар?

ашық дереккөзі

 width= Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды.  Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлаған еді. Оның айтуынша, президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ.

«Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеудің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді», - деп жазды Берік Уәли өз парақшасында.
Осы ретте вирусқа қарсы екпе салдырған өзге елдің бірінші басшыларын теріп шықтық.  Ағымдағы жылдың қаңтарында Аргентина президенті Альберто Фернандес өз континентінде алғашқылардың бірі болып, «Спутник-V» вакцинасын салдыртты. Артынан жағдайының жақсарғанын айтып, бір ажалдан аман қалғандығын жеткізді.   width= Осыдан бір ай бұрын Венесуэла президенті Николас Мадуро да дәл «Спутник-V» вакцинасын салдырып,  ресейлік препараттың әлемдегі ең сенімді әрі қауіпті екпе екендігін атап өткен еді.   width= Вакцинаны күзде салдырам деген Владимир Путин бұл шешімге жақында ғана келді. Ресей Федерациясының Президенті 23 наурыз күні алғашқы екпені қабылдады.   width= Сонымен қатар, Украина, Грузия, Финляндия, Түркия, Чехия, Румыния, Сербия, Хорватия, Италия,  Оңтүстік Корея, Нигерия, Панама, тағы да басқа елдері президенттері коронавирусқа қарсы вакцина алды.  Айта кетейік, Германия канцлері Ангела Меркель әзірге вакцина салу ойында жоқ екендігін осыдан бір апта бұрын хабарлаған еді. Екі ойлы боп жүрген мемлекет басшылары қатарында Франция президенті Эмануэль Макрон да бар. 

Сұлтан ӘБДІРАСЫЛ

Жүктелуде...