Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 сәуір, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Президент «Спутник-V» вакцинасын салдырды

Президент «Спутник-V» вакцинасын салдырды

Президент «Спутник-V» вакцинасын салдырды
ашық дереккөзі
 width= Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жазбада Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырғаны,  бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы екені айтылды. Бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ, екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған болатын.  

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату