Мамырда қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды

Мамырда қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды

ашық дереккөзі

 width= Мамыр айында қазақстандықтарды 18 жұмыс күні мен 13 демалыс күні күтуде. "Электрондық үкіметтің" Egov.kz ресми порталы демалыс күндеріне қатысты ақпаратты назарға ұсынды деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. 1 мамырда тұрғындар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Мерекеге орай демалыс 3 күнге созылады: 1 мамыр (сенбі), 2 мамыр (жексенбі) және 3 мамыр (дүйсенбі). Ескерту: Мемлекеттік мереке демалыс күндеріне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, демалыс бір күнге ұзартылады. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні дәстүрлі түрде бір күн ғана атап өтіледі. Бұған қоса, қазақстандықтар 8 мамыр, сенбіде демалады. Жеңіс күніне орай тұрғындар 9 мамырда (жексенбі) және 10 мамырда демалады (дүйсенбі). Нәтижесінде мамырда барлығы 13 демалыс күні болмақ. Аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар болса, 11 күн демалады: 1, 2, 7, 9 және 10 мамыр (3-ші және 8-ші мамырда олар жұмыс істейді).  

Жүктелуде...