Лотореяға алданған халықты қорғаған адвокаттың өзіне қорған керек

Лотореяға алданған халықты қорғаған адвокаттың өзіне қорған керек

ашық дереккөзі

 width= Адвокаттар айқасы. Жұртты қорғауы тиіс қорғаушы Тілеужан Кішкенебаевтың өзі  қорғансыздың күйін кешуде. Жуырда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейне үндеу тастап,  сауға сұрады. Айтқаны рас болса, әншілер мен әлдекімдер бұның соңына шам алып түсіп, қысым көрсетуде. Айыбы жұлдыздар жаппай өткізген ұтыс ойындарынан алданған халықтың мүддесін қорғаған. Бұл оның пікірі.   Екінші тарап бар. Оның басында да қорғаушы тұр. Айтуынша президенттен араша сұрап жүрген заңгердікі -  өзінің айыбын жуып шаю үшін әншілерден қалған дау-дамайдыдың шоғын қайта маздатып, жалпақ жұрттың назарын аударудың амалы.  Әсілінде қарға қарғаның көзін шұқымайтын еді, әлде бұл қардың басын қар алады, ханның басын хан аладының кері ме? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Енді Абзал Құспан әріптесім сотқа талап арыз бердім дейді азаматтық тәртіппен. «Ол кісі заңгер, менде заңгермін. Ол кісі әншілердің қылмыстық іске қатысы бар екеніне ең болмаса бір дәлел келтіру керек еді». Айдың күннің аманында екі адвокат айқасып жатыр.  Араларына іріткі салған әншілердің әлегі. Даудың  басы сол баяғы былтырғы ұтыс ойындары.

Тілеужан  КІШКЕНЕБАЕВ   адвокат «Әншілерге жалпы алданған адамның саны 7800-ден аса деп көрсетілген. 7800 адам белгіленген. Менің қорғауымда 50 шақты адам бар. Олардың барлығы әншілердің жарнамасы деп таныстырған соң оларға алданған».
Алданғандардың мүддесін қорғамақ болған заңгердің басына қара бұлт үйірілді қазір. 3 жылға адвокаттық қызметі туралы лицензиясынан айырылып, 500 мың теңге айыппұл салыныпты. Тілеужан Кішкенебаев мұның артында аты шулы әншілер тұруы бек мүмкін деп болжайды.
Тілеужан  КІШКЕНЕБАЕВ адвокат «Роза Әлқожа маған қудалауды қоймадың ғой деп ватсаптан хат жазып жіберді. Ойлаймын Алматы қаласы прокуроры орынбасарының маған қатысты қылмыстық іс қозғауы солардың ықпалы бар деп». Солар дегені кімдер? Тілеужан  КІШКЕНЕБАЕВ  адвокат «Ол жерде жарнама жасаған әншілер Жазира мен Жанболат, Роза Әлғожа, Ақбота Керімбекова, осы әншілер жарнамасына менің қорғауымдағы халық алданған».
Ақбота демекші, Өткен жылдың соңы мен 2021 жылдың басында елімізде той-томалақ, концерттер азайған соң  бір топ өнер адамы  Шымкентте ағылды.  Түрлі қызметке барды. Арасында Ақбота Керімбекова да бар. Алайда, ресми ақпарат құралдарына жарияланған ақпарат жалған болып шықты. Әнші Шымкенттегі мәдениет басқармасының орынбасары қызметіне тағайындалмаған. -Мен мәдениет басқармасында жұмыс істеп жатырмын. Бірақ орынбасардың несінде емес. Құрбым дұрыс түсінбей салып жіберген ғой инстаграмға. -Сіз қандай қызметтесіз қазір? - Мен сол мәдениет басқармасындамын. Ақбота өз аузымен айтты. Мәдениет басқармасында еңбек етуде. Ал Шымкенттің мәдениет басқармасы  басшысының міндетін атқарушы бізге берген жауабында Ақбота өз  өтініші бойынша жұмыстан босатылды, бізде жұмыс жасамайды деп ресми хат жолдады. Хаттың жауабы да, әншінің жауабы  да бір күнде алынды. Қызық! Хош, сонымен жар салып ел-жұртты ұтыс ойынына шақырған әншілер шынымен халықты алдады ма?
Абзал ҚҰСПАН  адвокат Ұтыс ойындары мен инвестицияны екі бөлек қарастырайық. Әу баста олардың келгені ұтыс ойыны. Ұтыс ойыны өтеді, кетеді. Соған ақша салған адамдардың базасы қалыптасып қалады. Әншілердің қатысуынсыз ұйымдастырушылар оларға тікелей ұсыныс тастайды. Енді инвестицияға қатысыңыздар деп. Инвестиция туралы Розаның, не Ақботаның бірауыз жарнамасы жоқ».
Роза мен Ақботаның мүддесін қорғап жүрген Абзал Құспан әріптесі заңгер Тілеужан Кішкенебаевқа қатысты қызық дерек айтты. Абзал ҚҰСПАН  адвокат «Әншілердің ешқандай қатысы жоқ бұл жерде. Бұл жерде тағы халықтың назарын бұрып әкетіп, өзінің ісіне әншілерді араластыру арқылы, белгілі адамдар арқылы халықтың назарын аудару». Адвокат Кішкенебаевқа қатысты қандай іс қозғалып еді.
Тілеужан  КІШКЕНЕБАЕВ  адвокат Маған тағылып жатқан айыптар заңсыз тағылып отыр. Шығарылған үкімнің өзі де заңсыз. 2017 жылы мен кезекшілікте тұрғанда Алатау ауданының полиция басқармасында тергеу амалдарына қатысқанмын. Ол жерде тергеуші қорға деген адамды мен қорғадым. Әрі қарай ол қорғаған адам басқа адам болып шықты. Жалған қылмыстары анықталды».
Абзал ҚҰСПАН  адвокат «2017 ж орын алған оқиға. 2018 жылы Ақжонов есімді полиция инспекторы сотталады. Сол кезде мына іс ашылып қалады. Полиция участігіне келмеген адамдарға өтірік адвокат болдым деп ақша алғанды кейін анықталғаннан кейін барып іс қозғалып жатыр. Әншілердің ешқандай қатысы жоқ». Қазір заңгер Тілеужан Кішкенебаевтың бұрынғы ісін қайта көтеруге кімнің ықпал етіп жатқаны белгісіз. Бір анығы, Абзал Құспаннан басқа әріптестері,  30 аса  адвокат оны қорғауға күш салып жатыр. Ал әншілердің атын пайдаланып,  инвестиция жарнамасына шақырған алаяқтардың кейбірінің үстінен іс қозғалған. Қалғаны тайраңдап жүр. Бірақ алданған халықтың ақшасын кім қайтарады? https://youtu.be/eQ_DVJgDs6w

Жүктелуде...