Майра Мұхамедқызы "Үздік опера әншісі" статуэткасымен марапатталды

Майра Мұхамедқызы "Үздік опера әншісі" статуэткасымен марапатталды

ашық дереккөзі

 width= Майра Мұхамедқызы классикалық өнер саласындағы Bravo III халықаралық кәсіби музыкалық сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі. Опера әншісі "Үздік Опера Әнші" статуэткасымен марапатталды. Өз қуанышымен Майра Мұхамедқызы Instagram парақшасында бөлісіп, сүйінші сұрады.

Сүйінші!! Сүйінші!! Россия Москва Большой театрында өткен "Браво" Халықаралық профессионал музыка номинациясы бойынша мені "Үздік Опера Әнші" статуэткамен марапаттады! Менің еңбегімді шет ел бағалап жатқанына марқайып қалдым! Аллаға мың шукір! Құттықтап қоярсыздар мені, деп жазады Майра Мұхамедқызы Instagram парақшасында.  
Сондай-ақ танымал испан теноры әрі дирижері Пласидо Доминго да Bravo сыйлығының "әлемдік жұлдыз"номинациясы бойынша лауреат атанды.

Жүктелуде...