Психологиялық тест: Суреттен алғаш не байқадыңыз?

Психологиялық тест: Суреттен алғаш не байқадыңыз?

ашық дереккөзі

 width= Әрбір жаңа күніңіз әдеттегідей өтетін  сияқты ма? Бір нәрсені өзгерткіңіз келеді, бірақ неден бастау керектігін білмейсіз бе? Newroom.kz тілшісі дайындаған тестті өтіп, қай бағытта жүру керектігін біліңіз. Суретке мұқият қарап, алдымен көзіңізге не түскенін есте сақтаңыз. Тест жауаптары төменде.   Ерін Сіздің өміріңізге тұрақтылық пен тыныштық жетпейді. Ертеңгі күніңізге деген сенім жоқ. Өміріңізге өзгеріс қажет бірақ сіз одан қорқасыз. Болашақтан қорықпай оған қадам жасау керек.  Қазіргі қалпыңызда қалмай әрекет етуді бастаңыз. Қарапайым нәрселерден бастаңыз: үйіңізде заттардың орынын ауыстырыңыз, шаш үлгісін өзгертіңіз, курсқа жазылыңыз. Өзгерістер қалыпты жағдайға айналады.  Жағалаудғы жұп  Сіздің өміріңізде қарым-қатынас пен жылулық жетіспейді. Сіз өзіңізді жалғыз сезініп, екінші жартыңызды іздеуден шаршадыңыз. Не болмаса отбасыңызда кикілжіңдер болуы мүмкін.  Бұл жағдайдан шығу керек. Сізге қызықты, позитивті адамдармен араласу қажет. Проблемаларыңызға назар аудара бермей көңіліңізді басқа жаққа бұрыңыз. Сонда өміріңіз жақсы жаққа өзгереді. Теңіз кеңістігі Болашаққа деген сенім жетіспейді. Өткеніңізді ойлап, алға күдікпен қарайсыз. Өткен істі еш өзгерте алмайсыз. Ал болашағыңыз өз қолыңызда. Болашақтан қорқудың қажеті жоқ армандағаныңыздай болу үшін талпыныңыз. Тест жауаптары сіздің істі кейінге қалдыра беретініңізді көрсетеді. Өз уақытыңызды дұрыс жоспарлап, ұзақмерзімді мақсат қоя біліңіз. Сіз өміріңіздің жақсы жаққа өзгергенін байқамай да қаласыз. 

Жүктелуде...