Қызылорда қаласының экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Қызылорда қаласының экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

ашық дереккөзі

 width= Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  primeminister.kz.-ке сілтеме жасап. Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты. Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. 1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2005–2007 жж. — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2007-2008 жж. — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 2008-2013 жж. — Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі. 2013-2021 жж. — Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі. 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.    

Жүктелуде...