Қазақстан аборт жасату саны бойынша үштіктердің қатарына енді

Қазақстан аборт жасату саны бойынша үштіктердің қатарына енді

ашық дереккөзі

 width= World Population Review порталы аборт деңгейі жоғары елдердің рейтингін жаңартты. Рейтингте енген 58 елдің ішінде Қазақстан үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Статистикаға сүйенсек, аталмыш рейтингте бірінші орында Ресей тұр. БҰҰ мәліметтері бойынша Ресейде аборт жасау коэффициенті 1000 әйелге 53,7 құрайды. Тізімде Вьетнам - 35,2 көрсеткішімен екінші орында, ал Қазақстан (35) үшінші орынға жайғасқан. Рейтинг мәліметтеріне сенсек, Мексикада аборттың ең төменгі деңгейі тіркеліп отыр - 0,1. Португалия да Мексикадан кейін түсік жасату бойынша ең аз көрсеткішке ие болып отыр - 0,2. Аборт екі елде де заңды болып саналады. Портал өкілдері әлем бойынша түсік жасатудың санын қадағалау қиын екенін атап өтті. Себебі, көптеген елдер бұл көрсеткіштерді тіркемейді және есеп бермейді. Олардың пікірінше, бұл, әсіресе, түсік жасатуға тыйым салынатын және есеп жүргізілмейтін елдерге қатысты болып отыр.  

Жүктелуде...