Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 сәуір, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әкімдік қызметкерлеріне жала жапқан блогер жазаланды

Әкімдік қызметкерлеріне жала жапқан блогер жазаланды

Әкімдік қызметкерлеріне жала жапқан блогер жазаланды
ашық дереккөзі
 width= Маңғыстау облысындағы Маңғыстау ауданы әкімі мен Шетпе ауылы әкіміне жала жапқан әлеуметтік желі қолданушысы жазаланды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Ол «Фейсбук» желісінде «Маңғыстау ауданы әкімдігі» парақшасында қос әкімнің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп жазған. Еш дәлелсіз жарияланған жазба мемлекеттік қызметкерлердің атақ-абыройына нұқсан келтіргені анық. Сөйтіп, олар ауданаралық сотқа шағым түсірді.
Нұршат Өтеулиева, облыстық соттың  баспасөз хатшысы: Маңғыстау аудандық соты аталған азаматты кінәлі деп танып, 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды. Сот жаза тағайындауда құқықбұзушының жұмыссыз екенін ескерді. Сондай-ақ қаулы бүгінгі күні заңды күшіне енген жоқ.
 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату