Омбыда қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиада жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесу өтті

Омбыда қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиада жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесу өтті

ашық дереккөзі

 width= 2021 жылғы 31 наурызда "Омбы облысының білім беруді дамыту институты" ББМ ҚКБ конференц-залында 2020-2021 оқу жылдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша облыстық олимпиада жеңімпаздары және жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасының  Омбы қаласындағы консулдығына сілтеме жасап. Аталған олимпиаданы Омбы облысының Білім министрлігі жергілікті мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында жыл сайын өткізеді. Биылғы жылы іс-шараға 34 оқушы қатысып, оның 8-і олимпиаданың жеңімпазы, ал 12-і жүлдегері болып атанды.  width= Оқушылардың салтанатты марапаттау рәсіміне Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек, Омбы облысы Білім министрлігінің өкілі, "Омбы облысының аймақтық Қазақ ұлттық-мәдени автономиясы" және "Омбы қазақтары" қазақ қоғамдық ұйымдарының басшылары қатысты. Марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Консулдығының басшысы балаларды осы олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болғандарымен құттықтады, шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тіледі және осы іс-шараға белсенді қатысқандары үшін ризашылық білдіріп, естелік кәдесыйлар табыстады.

Жүктелуде...