Ринат Зайытов: Маңдайыма тақалған мылтық атылмай қалды

Ринат Зайытов: Маңдайыма тақалған мылтық атылмай қалды

ашық дереккөзі

 width= Жастайынан тәуелсіздікке құмар болған ақын Ринат Зайытовқа бірнеше рет мылтық кезелген. Алайда бірде өз үйінде әйел, бала-шағасының қасында досы, айтыскер ақын Мақсат Ақанның қолынан қаза таба жаздаған. Бұл жөнінде ақын «Ең алғашқы» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

«Бір досым мені атып ала жаздаған. 2007-2008 жылдары болу керек, ол кезде менің мылтықтарым тіркелген, сейфі бар болатын. Үйге келген қонақтарыма көрсетемін ғой енді. Бір аңшылықтан келген кезім, келдім де қоя салдым. Таңға жуық келген болармын. Бір күні Мақсат ақын келді үйге. Сол кезде көрсетіп жатыр едім мылтықтарды, бір кезде ол маңдайыма тақады да атты, оқ атылмады. Мынау істемейді ғой деп бір жерін тартып қалып еді, оқ атылып кетті үйде. Сонда ол оқтаулы қалып қойған. Бірақ менің маңдайыма тақалып тұрған сол оқ маған атылмаған. Құдай сақтап қалды мені сол кезде. Бірақ жаңағы Мақсат досыммен болған жағдайда қатты терледім. Өз үйіңде, бала-шағаңның қасында өз досың атып тастаса, бұл бүкіл нәрсенің ойран болғаны ғой. Сол кезде Аллаға шүкір дедім, мені солай сақтағанына», - дейді Ринат Зайытов.
https://www.youtube.com/watch?v=Z1dMLnuneLA&t=2752s

Жүктелуде...