Кінәсыз ер адам біреудің қылмысы үшін 7 жыл түрмеде отырған

Кінәсыз ер адам біреудің қылмысы үшін 7 жыл түрмеде отырған

ашық дереккөзі

 width= АҚШ-тың Теннесси штатының Нашвилл қаласының тұрғыны өзі жасамаған қылмыс үшін айыптыды деп танылып, жеті жыл түрмеде отырып, істі қайта қарағаннан кейін босатылған. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі News Channel 5 телеарнасының сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Уильям Арнольдтың оқушыларының бірі  анасына Уильям есімді адаммен жыныстық қатынаста болғанын айтқаннан кейін 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Әйел  полицияға  ұстазы Уильямның қатысы бар деп топшылағанын айтты. Ер адам өзінің кінәсіздігін дәлелдемек болған. 2020 жылы штаттың апелляциялық соты оның ісін қайта қарап, айыптауда қателік кетті  деп шешкен. Ол түрмеде жынды болып кетпеудің жолын іздеген. Нәтижесінде баланың таныстарының арасында  тағы бір Уильям есімді адамның бар екендігі анықталды. Кейін бұл адам  кінәсын  мойындаған. Енді Уильям Арнольд мемлекеттік биліктен темір тордың артында өткізген жылдары үшін өтемақы талап етуде. Ол басқа ешкім мұндай жағдайға тап болмайтынына көз жеткізгісі келеді. Американдық шартты түрде мерзімінен бұрын босату Кеңесіне мың параққа шағым жазған. Онда ол оңалтуды талап еткен.

Теннесси штаты маған зиян тигізгенін білдіреді және енді ресми түрде болған оқиға үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы керек. Қаншама  ер мен әйелдер   мен сияқты оқиғаны басынан өткізуі мүмкін, — деді ол.
Уильям Арнольд процеске қатысқан аудан прокурорының екі көмекшісіне — Аллегра Уокерге (Allegra Walker) және Шерон Реддикке (Sharon Reddick) шағым түсірді.  

Жүктелуде...