Психологиялық тест: Саусақтардың пішіні сіздің мінезіңіз туралы не айтады?

Психологиялық тест: Саусақтардың пішіні сіздің мінезіңіз туралы не айтады?

ашық дереккөзі

 width= Аяғыңыздағы саусақтарыңыздың пішіні  cіздің бойыңыздағы жасырын қабілетіңізді анықтай алатынын білдіңіз бе? Педомантия деген арнайы паранологиялық тәжірибе бар. Егер педомантия сіздің ерекшеліктеріңізге анықтама бере алатындығын тексергіңіз келсе newsroom.kz тілшісі дайындаған тестті өтіңіз.  Сізге сәйкес келетін саусақтардың суретін таңдап,  төмендегі сипаттаманы оқыңыз! №1 Саусақ типі Сіз қабілеттеріңізді күнделікті дамытатын адамсыз. Сонымен қатар, сізде күрделі мәселелердің өзгеше  шешімдерін табуға мүмкіндік беретін жақсы дамыған интеллект бар. Осының арқасында сіз ең күрделі жағдайдан шыға аласыз. Өкінішке орай, өз күшіңізге деген сенімділік жетіспейді, сондықтан сіз басталған жобаларды аяғына дейін жеткізбейсіз. №2 Саусақ типі Сіз ерекше қабілеттердің иесісіз . Егер бір нәрсені қолға алсаңыз, оны әрқашан соңына дейін аяқтауға тырысыңыз. Бірден бірнеше жобаны жүзеге асыру үшін жеткілікті қуат бар. Тапқырлық таныту  бұл сіз үшін үйреншікті іс. №3 Саусақ типі Сіздің бойыңызда туа біткен   көшбасшылық қабілет бар. Сіз адамдарды басқара аласыз, бірақ  сізге ең бастысы мақсатыңыздың орындалуы маңызды. Сіз өзіңіз орындай алатын ғана мақсаттарды қоясыз. Сіз кез келген бизнесті барынша адалдықпен жасауға тырысасыз. Бірақ сіздің перфекционизміңіз кейде басқаларды ашуландыру мүмкін. Олардың тарапынан сізге деген қызғанышы туындамас үшін ол қырыңызды көп көрсетпеуіңіз керек. №4 Саусақ типі Сіз жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасты жоғары бағалайсыз. Отбасыңызбен, достарыңыз сіз үшін бірінші орында. Егер жақын адамыңызда қиындықтар болса, онда  оған кез келген жолмен  көмектесуге тырысасыз. Сіздің эмоцияларға берілгіштігіңіз  көбінесе өміріңізден ләззат алуға кедергі келтіреді. Сіз тым бауырмалсыз, сол себепті де өзіңізге аз көңіл бөлесіз. №5 Саусақ типі Сізде амбиция басым, бірақ сіз оларды жүзеге асыру үшін ештеңе істемейсіз. Егер сіз аспаннан байлық пен даңқтың түсуін күтсеңіз, онда бұл аңғалдықтың көрсеткіші. Айналаңыздағы адамдар сізді жиі күлкілі деп санайды, бірақ олар сізді салмақты адам деп қабылдамайды. Сіз өзіңізді  танытпағандықтан оларды да түсінуге болады.    

Жүктелуде...