ҚР Елтаңбаcы авторларының бірі Шота Уәлиханов қайтыс болды

ҚР Елтаңбаcы авторларының бірі Шота Уәлиханов қайтыс болды

ашық дереккөзі

 width= Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі , профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі Шота Аман Уәлиханов  88 жасында қайтыс болды деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.  Шота Аман Уәлиханов қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, ағартушы, демократ Шоқан Уәлихановтың тікелей ұрпағы. Ш.Ы.Уәлиханов бірнеше ірі ғимараттардың, 20 монумент пен ескерткіштің (басқалармен бірге) авторы.  Оның ішінде ерекше атап өтетіні, еліміздің басты символы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. 1993 жылы Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлихановтың мемлекет тарихына келіп қосылған бұл қастерлі туындысы ұлт жүрегінен ойып тұрып орын алары хақ.  

Жүктелуде...