Мақсат Толықбай: Мәслихатта Ермахан Ибраимов сияқтылардың мыңы отыр (видео)

Мақсат Толықбай: Мәслихатта Ермахан Ибраимов сияқтылардың мыңы отыр (видео)

ашық дереккөзі

 width= Көптеген мәселе төңірегінде сөз қозғаған Мақсат мырза, Ермахан Ибраимов жайлы да өз пікірін айтты. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі Caravan.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. Бағдарлама жүргізушісінің “Ермахан Ибраимов танымал титушка болып аталып кетті, бұл туралы не айтасыз?!”, – деген сұрағына:

Енді Ермахан ол деген спортшы ғой. Аңдай сөйлеп, танымалдылығы үшін біраз әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Ал былай қарайтын болсақ, журналисттер сол танымалдылығы үшін одан сұхбат алып отыр, мәслихатта сол Ермахан сияқтылардың мыңы отыр ғой. Арғы жағында ештеңе жоқ шығар, бірақ аңдамай сөйлейді. Саясаттанда хабары жоқ. Менің бір нәрседен көңілім қалды, митингке шығып плакаттарды жырту артықтау болды. Мүмкін тапсырма берген шығар, бірақ сол шешімді қабылдайтын өзің ғой. Білмеймін біздікілер неге сонша митингтен қорқады,ол әлемде бар дамыған үрдіс қой. Әлі күнге дейін шіріген ағаштың бұтағын емдеп жүрміз, ол тамырынан емделу керек сол жаққа үңілу керекпіз біз.” – деп сөзін аяқтады.
https://youtu.be/LwfM_3ThoAc

Жүктелуде...