Жарты әлемді шарлаған шетелдік саяхатшыларды қазақстандық полицейлер таңғалдырған

Жарты әлемді шарлаған шетелдік саяхатшыларды қазақстандық полицейлер таңғалдырған

ашық дереккөзі

 width= Германиядан келген туристер Қазақстандағы жемқор полицейлерге шағымданды. Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында Отбасылық жұп қазақстандық полицейлер республика аумағы бойынша саяхаттап жүргенде олардан ақша талап еткенін айтты. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылған, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Лаура мен Ульрих Уаз автокөлігімен әлем бойынша саяхаттауға шыққан. Олар  Еуразиядан бастап АҚШ-қа дейін саяхатқа шыққан.  Қазақстанның тәртіп сақшылары  пысықтығымен олардың есінде қалды. Неміс туристерінің айтуынша, олардың көлігі әртүрлі себептермен тоқтап, пара талап етуден тартынбаған.

"Біз олардан бізді не үшін тоқтатты деп сұрағанда, олар біз бара жатқандығымызды көрсетті. Бізден де басқа жүздеген мың басқа адамдар да жүріп жатыр. Олар 10 мың теңге сұрады, айырбастау бағамы қандай болғаны есімде жоқ. Соңында 100 теңгеге саудаласа алдық", - деді Ульрих.
"Еуропада  полицеймен айыппұлдың мөлшері туралы саудаласуды елестету мүмкін емес", - деді шетелдік. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі туристердің айыптауларына жауап берді. ІІМ хабарлағандай, шетелдіктер Қазақстанға 2019 жылы жазда келген. Алайда олардан полицияға арыз түспегенін айтты.

Жүктелуде...