Психологиялық тест: Сүйікті түсіңіз сіздің кім екендігіңізді анықтайды

Психологиялық тест: Сүйікті түсіңіз сіздің кім екендігіңізді анықтайды

ашық дереккөзі

 width= Танысу кезінде көптеген адамдар адамның қандай түсті таңдағанына қызығушылық танытады. Бұл тек сөйлесуді бастау үшін ғана емес сонымен қатар әңгімелесушінің мінезі туралы көбірек білу үшін де жасалады. Newsroom.kz  тілшісі дайындаған тестін өтіп, түс пен мінезіңіздің сәйкестігін анықтаңыз.  Тест жауаптарын оқымас бұрын іштей өзіңізге ұнайтын түсті таңдап алыңыз.   Күлгін  Егер сіз шығармашылықтың адамы болсаңыз, онда сіздің сүйікті түсіңіз күлгін болуы мүмкін. Сондай-ақ, ол біреуге мойынсұнғысы келмейтіндік пен менмендікті білдіреді. Күлгін түсті жақсы көретіндерге кез келген уақытта сенуге болады. Олар жақсы дос болады. Қызыл  Күтпеген оқиғаларды жақсы көретін құмар адамдар қызыл түстерді таңдайды. Кейде бұл адамдар тез ашуланады, бірақ реніші өте тез қайтады. Қызылды ұнататындармен сіздің ешқашан ішіңіз пыспайды. Олар әрқашан өз мақсаттарына жетіп, армандарын жүзеге асырады. Қызғылт  Көбінесе нәзік және жұмсақ сипатқа ие адамдар қызғылт түсті жақсы көреді. Оларға қарым-қатынаста  қолдау қажет. Қызғылтты ұнататындар көбінесе  жақсы   ата-ана болады. Көк Егер сіздің сүйікті түсіңіз көк болса, онда сіз қарым-қатынастағы үйлесімділікті көп бағалайсыз. Көк түсті адал адамдарды жақсы көреді. Өкінішке орай, оларға стереотиптерден арылу қиын. Бірақ олар бәрін жауапкершілікпен жасайды және айтатын сөзіне мән береді. Қызғылт сары Бұл түс Фрэнк Синатраның сүйікті түсі. Әнші апельсинді ең "бақытты" түс деп санады. Белгілі бір дәрежеде оның айтқаны дұрыс. Психолог Бетти Вуд бұл түсті белсенді өмірлік ұстанымы бар көңілді адамдар таңдайды дейді. Кейде олар драмаландыруды ұнатады, бірақ бұл минус емес. Бұл адамдар  назарда болғанды жақсы көреді. Қоңыр Бұл түсті ұнататындар аз. Бірақ қоңыр  түсті ұнататындар еңбекқорлығы, шыдамдылығы, нәзіктігі, сабырлығы және жақсы әзілдей алатындығымен ерекшеленеді. Жасыл Психологтар жасыл түстерді ұнататын адамдар өте белсенді және көпшіл екенін айтады. Олар өзгерістерге оңай бейімделеді және ақшаға байланысты мәселелер оларда сирек кездеседі. Сондай-ақ, олар әрқашан барлық басталған ісін аяғына дейін жеткізеді. Сары Психологтар сары түсті кең ой-өрісі мен жарқын қиялы бар адамдардың түсі екенін дәлелдеді. Көбінесе олар перфекционист және бәрі өз орнында тұрғанын ұнатады. Әзілдей алу сары түсті ұнататындардың  ерекшелігі.  Ақ Бұл тазалық пен жетілудің символы. Көбінесе оны кемел , әдепті және шынайы адамдар таңдайды. Қара Американдық психолог Бернардо Тирадо құпиясы бар адамдар қара түсті таңдайды дейді. Олардың ішінде не бар екенін түсіну қиын. Олар көп жағдайда арақашықтықты сақтайды. Сондай-ақ, бұл адамдар талғампаз және кербез болып келеді. Сұр Егер сіз сұр түстерді таңдасаңыз, "қорғаныс" және "сенімділік" сөздері сіз туралы. Олар босқа ерегесуді ұнатпайды.  Көбіне бұл түсті таңдайтындар өзі жалғыз қалса да іші пыспайды.  Адамдар бірнеше түстерді ұнатқан кезде ( біреуін таңдай алмаған жағдайда), бұл адамның жағдайға байланысты өзгеретінін білдіреді. Бұл қалыпты жағдай. 

Жүктелуде...