Германиялық блогер YouTube-арнасында микроскоп арқылы медициналық масканы түсірген видеосын жариялады. Ер адам маскада талшықтардан бөлек, дем алған кезде қозғалатын қара "жіптерді" байқаған. Видео авторы оны адам ағзасына енетін "паразиттер" немесе нанороботтар болуы мүмкін деп болжаған, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап. YouTube-арнадағы роликті қазақстандық желі қолданушылары белсенді түрде талқылап жатыр. Басылым мәліметіне сүйенсек, ақпарат шындыққа жанаспайды.