
Әне, жұмыс жоқ, жатпағанда не істеймін дейтін соқпалдай ер жігіттерге құлаққағыс! – деп жазады фейсбук әлеуметтік желісінің белсенді қолданушысы Төребек Байтасов.

Оның жазуынша тракторшы қыздың толық аты-жөні: Арай Асылбекқызы. Жетісай ауданы Қызылқұм елді мекенінің тұрғыны. Бүгінде ол күніне 10 гектарға дейін егістік жерді жыртады екен.

Қазіргі таңда, Түркістан қаласындағы жоғары оқу орнында 1 курс оқып жатқан Арайдың негізгі мамандығы - тіс дәрігері.
Ескерту: мақаланы көшіріп басқанда newsroom.kz сілтеме беру міндетті.