Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 наурыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО мамандары жүрек-қантамыр жүйесінің даму ақаулары бар балаларға консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті

ашық дереккөзі
 width= Талдықорған қаласындағы Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында кардиохирургиялық бейіннің іске қосылуына байланысты «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-ның кардихирург дәрігерлері жүрек-қантамыр жүйесінің даму ақаулары бар балаларға консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті. «А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО» АҚ мамандары консультациялық-диагностикалық көмек көрсету барысында, аудандардан келген 82-ден астам балаға эхокардиография зерттеуін жүргізді және одан кейін емдеу тактикасын айқындау үшін консультация берді. 18 бала жедел хирургиялық емдеу үшін порталға қойылды.  width= Балалар аурулары арасында жүрек-қантамыр жүйесіне байланысты аурулар көш бастап тұр, сондай-ақ жыл сайын туа біткен жүрек ақауы бар балалар саны артып келеді. Сәбилерде туа біткен ақаулар, артериялық гипертензия және гипотензия және жүре пайда болған ақаулар секілді жүрек аурулары кездеседі. Сол себепті ата-аналар бөбектерді жүйелі түрде педиатрдың, кардиологтың және бейінді мамандардың қабылдауына апарып тұрғаны абзал.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату