Сатушыға пранк жасаған жастардың басы дауға қалды

Сатушыға пранк жасаған жастардың басы дауға қалды

ашық дереккөзі

 width= Павлодарда сатушыға пранк жасаған жастар сотта жауап береді. Оларға қатысты ҚР ӘҚБК 434-бабы – ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Рavlodarnews.kz.-ке сілтеме жасап.

«Облыс орталығындағы Луначарский көшесінде орналасқан дүкенде сатушы полициядан көмек сұрап, клиенттер – жас жігіттер дөрекі сөздер айтқанына шағымданған. Учаскелік полиция инспекторы шақыртуға келген бойда жігіттер анықталды. Сауалнама барысында жастар бұл жай ғана пранк екенін түсіндірді. Дегенмен енді мұндай әрекеттер үшін жастар сотта жауап беруге мәжбүр болады», - деді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Басқа жағдайда, Павлодар қаласының дүкендерінің бірінде сатушы сатып алушының өзін дұрыс ұстамайтынын хабарлап, полицияны шақырған. Келген полицейлер сатып алушы есептеу кезінде анекдот айтқанын анықтады, бірақ сатушы оның әзілін бағаламаған. Ал, сатып алушы дүкен қызметкерінен күлуді «талап еткен».

Жүктелуде...