Арақты тастауыма ата-анам мен бауырларым көмектесті! – Дулыға Ақмолда

Арақты тастауыма ата-анам мен бауырларым көмектесті! – Дулыға Ақмолда

ашық дереккөзі

 width= Биыл ердің жасы 50-ге толатын кино және театр актері «Ең алғашқы» бағдарламасында өткеніне үңіліп, өнер жолына қалай келгенін, арасында адасып, ащы суды ермек еткенін бүкпесіз баяндады. «Бір адамдай ішіп көрдік, дәмін таттық. Соның кесірінен бүлдірген жерлеріміз де көп болды. Тірнектеп жиған абыройымызды етектеп шашқан кездеріміз де болды. Оны да жасырмаймын», - дейді актер. Алайда ата-анасының, бауырларының көмегімен арақты тастаған Дулыға Ақмолда бүгінде мұны өнер иелеріне мүлдем керек емес, зиянды әдет санайды.

«Оны кезінде еркелік деп те ойладық. Алайда бұл адамның өзін-өзі алдауы, содан көмек іздегендей тәуелділік екен оның барлығы. Оның үстіне, өнер адамы үшін мұның қажетсіз нәрсе екенін мен түсіндім. Әке-шешем, бауырларым арақты тастап кетуіме, қоюыма көп себепкер болды. Енді ішкенде, түбін түсіріп, құлап жаттым деп айта алмаймын. Бірақ біраз дос болғанымыз рас», - дейді Дулыға Ақмолда.

Жүктелуде...