Түркістан облысында әйел танысының теледидарын рұқсатсыз алып кеткен

Түркістан облысында әйел танысының теледидарын рұқсатсыз алып кеткен

ашық дереккөзі

 width= Түркістан облысының полицейлері танысының теледидарын рұқсатсыз алып кеткен әйелді анықтады, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Polisia.kz -ке сілтеме жасап. Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғын әйел арызданып келеді. Оның айтуынша танысы өзінше билік етіп үйінде тұрған “Hisense” маркалы теледидарын алып кеткен. Аталған деректі полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 100 мың теңге. Осыдан кейін жәбірленуші полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Төлеби АПБ-нің полицейлері күдікті әйелді анықтап, оны тұрғылықты жері бойынша ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Айғақты зат ретінде теледидар алынып заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Тәртіп сақшылары тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және өз мүлкіне бейтаныс адамдарға сенбеуді ұсынады. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер, сіз, заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада “102” телефонына хабарласыңыз.

Жүктелуде...