weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 наурыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жерлер шетелдіктермен некеде тұрған азаматтарға жалға берілмейді

Жерлер шетелдіктермен некеде тұрған азаматтарға жалға берілмейді

Жерлер шетелдіктермен некеде тұрған азаматтарға жалға берілмейді
ашық дереккөзі
 width= Елімізде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шетелдіктерге және шетелдіктермен некеде тұрған азаматтарға жалға берілмейді. Бұған заң жүзінде тыйым салынған. Елордада өтіп жатқан Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров осылай деді. Елде ауыл шаруашылығы алқаптары ғарыштық мониторинг арқылы тексеріледі. Пайдаланылмай жатқан жерге екі есе салық салынады немесе мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл бағытта арнайы заң жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілген. Жерді мемлекет меншігіне қайтару мерзімі бұрынғыдай 3 жылда емес, 1 жылда жүзеге асырылады.