Елімізде ең көп жасалатын жалған ақшаның номиналы қандай?

Елімізде ең көп жасалатын жалған ақшаның номиналы қандай?

ашық дереккөзі

 width=
2020 жылы анықталған жалған банкноттар туралы Ұлттық Банктің банкноттар мен монеталарға сараптама жасау басқармасының басшысы Асхат Әбішевтің түсіндірмесі жарияланды деп жазады newsroom.kz тілшісі.
Оның сөзінше, 2019 жылмен салыстырғанда, Ұлттық Банк пен екінші деңгейлі банктер анықтаған жалған ақшалар көлемі былтыр 38%-ға азайған және 823 жалған банкнот пен монетаны құраған. 2019 жылғы көрсеткіш 1 319 банкнот пен монета болған.
Төмендеуге әсер еткен негізгі себеп – қазіргі карантиндік шаралар мен шектеулер, өйткені, қолдан ақша жасайтындар әдетте жалған ақшаны базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде өткізіп жібереді екен. Қолдан көп жасалатын ақшаға 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жатады.
Жалған банкноттардың көп бөлігі Алматыда тіркелсе(554 дана, немесе 67,3%), аз мөлшері еліміздің батыс өңірінде анықталған.

Жүктелуде...