Планшетке жиған ақшасын емге аударған ең жас меценат

Планшетке жиған ақшасын емге аударған ең жас меценат

ашық дереккөзі

 width= Елорда маңындағы Қосшы ауылында ең жас меценат тұрады. Қазақстан бойынша қайырымдылыққа ерте атсалысқан баланың аты-жөні - Ерасыл Долқын. Небәрі сегіз жастағы жеткіншек бір жыл планшетке жиған ақшасын денсаулығы сыр бергендердің еміне еш ойланбастан жіберген. Мұнысы ескерусіз қалмай, Ерасыл жақында республикалық байқауда гран-при иегері де атанды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Сегіз жастағы Ерасыл Долқын аз сөйлеп, көп іс тындыратындардың қатарында екені байқалады. Үшінші сынып оқушысы өткен жылдың шілдесінде көпке танылған еді. Ол туған күніне планшет аламын деп жинаған ақшасын коронавирустан дем жетпей жатқандардың еміне жіберген болатын.

Ералы ДОЛҚЫН, ең жас меценат "Мен бұл ақшаны бір жылдай жинадым. Оны планшетке жинағанмын. Одан 6350 теңге шықты. Бірақ, мен ауырып жатқан адамдарға көмектескім келіп, оларға ауа аппаратын алуға жібердім".
Ералының әкесі - құрылысшы, ал, анасы үйіндегі қарындасына бас-көз. Отбасы елорда іргесіндегі Қосшы ауылында бес жылдан бері тұрып келеді. Айтпақшы, жеткіншек жақында ғана "Қайырылымдылық керуені" республикалық байқауында топ жарды. "Бала жүрегі» номинациясында гран-при иегері атанды. Негізі ең жас меценат бұған дейін біздің арнаның эфирінде бір миллион теңгені иеленген еді. Қолы ашық, жүрегі кең Ералының әке-шешесі оның қайырылымдық әлеміндегі бастамасын қолдамақ ниетте. Сондықтан елді игі істерде бірігуге шақырды.
Ербол ДОЛҚЫНҰЛЫ, Ералы ДОЛҚЫННЫҢ әкесі "Бұйыртса, өзімізде бір план бар, ой бар. Қайырымдылық қорын ашу туралы. Отбасылық. Ералының қазірге дейін алып келген жұмысын әрі қарай дамыту. 6 мың теңге көп сома емес қой. Бірақ, сізден, бізден жинап берсе, ол үлкен шаруа болады".
Жақсылық жасаудан қазақстандықтарға үлгі бола білген балақайдың ойлаған жоспары көп. Соның бірін бізге айтты. "- Қандай мамандықты таңдағың келеді? - Өрт сөндіруші! - Бұл жердеде жақсылық жасайсың ғой? -Иә. -Адамдарды құтқарғың келе ме? -Иә". https://youtu.be/z57R0gDUDWA

Жүктелуде...