С. Торайғыров: бұларды жиналысқа қатыстыруға болмайды!

С. Торайғыров: бұларды жиналысқа қатыстыруға болмайды!

ашық дереккөзі

 width= 27 жыл ғұмырында халықтың мүддесінен бәрінен биік қойған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ерлігі, оның әділдік үшін күресте көрсеткен мінезі туралы Мұхтар Әуезовтың естеліктерін ұсынып отырмыз. 1917 жылы февраль революциясынан кейін Семейде алашордашылардың бір үлкен жиналысы болды. Жиналыс ақырында түрлі мәселелер жөнінде секциялар құрылды. Біз, Сұлтанмахмұт бастаған біраз жастар оқу-ағарту, әйел теңдігі мәселелерін қарайтын секцияға сендік. Секцияның жиналысы жаңа басталған кезде, үйге Семейдің үлкен ғұлама-ишандарын ертіп қаланың саудагер байлары кіріп келді. Жиналыс бастығы: - Бұл не? Сіздерге не керек? - дегенде, ғұлама ишандарды бастап келген бір кісі: Әйел мәселесі қаралады дегенге келдік. Бұл мәселе шариғат жолымен шешілуге тиіс. Мына ишандарды сол үшін әдейі ертіп келдік, - деді. Жиналыс бастығы соған тоқырап, көнгендей болып еді, Сұлтанмахмұт орнынан ұшып тұрып: - Жоқ, бұларды жиналысқа қатыстыруға болмайды. Бұған дейін қазақ тарихында ең зиянды элемент болып келгендер осылар. Жиналысқа бұлар қатысатын болса, біз - жастар қатыспаймыз, - деді. Осыдан кейін байлар мен ишандар үйден шыға жөнелді. Жиналыс басшылары Сұлтанмахмұттың бұл қылығын жақтырмай қалды.  width= Сұлтанмахмұт 1916 жылы Катонқарағай жағынан қайтып, Томскіге оқуға кетерде біраз уақыт Семейде тұрды. Осы орайда Семейде қазақ оқығандарының бір жиналысы болып, онда июнь жарлығы туралы мәселе қаралды. Жиналыстан кейін алашорда басшыларының бірі болған Халел «Қазақ» газеті сілтеген бағыт бойынша: - Патшаның жарлығына қарсы болмау керек, майданға жігіт беру керек, - деді. Сұлтанмахмұт шығып, Халелге қарсы сөйледі: - Майданға жігіт бермеу керек. Ел көтерілгелі отыр, сендер кейін тартпаңдар, - деді. Сонда Халел Сұлтанмахмұтқа қатты кейіді, ұрсып тастады. Сұлтанмахмұт тұрып: - Сен сияқты сарала түйме таққан төренің қазақ елін алғаш сатқаны бұл емес, Бұрынғыны аз деп, сен тағы сатқалы отырсың ғой! – деді.

Жүктелуде...