Алматыда қаңғыбастар бейіт басын паналап жүр

Алматыда қаңғыбастар бейіт басын паналап жүр

ашық дереккөзі

 width= Бейіт басы - қаңғыбастар мекеніне айналды. Алматы қаласындағы мазарлар ішімдік ішіп, ұйқыны қандыратын орын болып кеткен. Ол аздай, бәзбіреулер қабірге қойылған белгілерді жұлып, темір-терсек қабылдайтын орынға апарып сататын көрінеді. Зиратқа қоларбамен кіріп-шығып жүргендер де көп дейді. Бұл туралы   Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  Бұл - «Әйгерім» ықшамауданындағы зираттар. Маңайындағы тұрғындар маза кеткен. Жағдайдың ушыққаны соншалықты соңғы уақытта бұл маңда қаңғыбастар қаптап жүр дейді. Өзгенің әспеттеп қойған қоршауын жымқырып жатқандар да көбейген. Мәселен, мына бір зиратты қаңғыбастар баспанаға айналдырған. Бір қарағанда сыртынан ештеңе білінбегенімен, іші мүлде басқаша. Кілем мен көрпеше ілінген нан мен құтыдағы заттар бұл маңда біреудің ұзақтан бері қоныстанғанының айғағы. Қабірдегі заттарды ұрлап жүргендерді аңду үшін мұнда түнде де торуылдап көрдік. Алайда, маңайдан тірі жан көрінбеді. Дегенмен келесі күні көрпесін жамылып ұйықтап жатқан адам көзімізге бірден түсті. «Енді қайтем енді, далаға жатқанша, молаға жат дейді.Анау жерден бері келдім де қарап едім жатыр екен, осы жерге келіп жаттым». Мұндай жағдайдың барлығы ауыр күнә деген діни басқарманың өкілдері, шариғат бойынша қабірге отыруға да болмайтынын жеткізді.

Хасан  АМАНҚҰЛ , ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі маманы Қабірлерді басу немесе хадистерде келеді «Қабірге отырмаңдар» деген. Тіпті отырудың өзі рұқсат емес. Ол жерде тіпті спирттік ішімдіктерді ішу ол жерде тамақтанудың өзі, ол жерде күліп немесе ойнап немесе ары-бері қыдырып еш бір себепсіз жүрудің өзі сол мәйіттерге деген құрметсіздік».  
Мұнда қарауылға штат болмағандықтан, инспектор өзі күніне бір келіп қарап өтемін дейді. Талай темір жоғалғанымен, әлі бірде біреуі табылмаған екен.
Бақытжан БЕКБАТОВ, зират инспекторы Ұрлыққа байланысты, ұрлыққа келіп айтады қоршауымды ұрлап кетті дейді. Біз келеміз де бірден РОВД-ға звандаймыз. Келіп РОВД-дан тексеру өтеді, кетеді. Бәрін түгел через РОВД-ға береміз. Табылды деп ешкім келіп табылды деген жоқ».
Бұрын бұл жер ауылдық округке қараған. Кейіннен қалаға ауысып, жер тапшылығына байланысты жабық қорым қатарына кірген. Негізінен әзірбайжан, түрік қазақ ұлтының азаматтары жерленген. Полиция департаментіне бұл мәселе бойынша сұрау салғанымызда, 2019 жылдан бері «Әйгерім» ықшам ауданы бойынша ешқандай шағым келіп түскен жоқ деп хабарлады. Ал, тұрғындар қорымның қауіпсіздігін құзырлы орындар қолға алмаса, әруақтардың сүйегін қорлау жалғаса беретіндігіне сенімді. https://youtu.be/-Tze8gucRRU

Жүктелуде...