Елордалық мұғалімдер екі ай жалақы алмаған

Елордалық мұғалімдер екі ай жалақы алмаған

ашық дереккөзі

 width= Елордадағы №63 мектептің мұғалімдері екі айдан бері жалақы алмаған. Арнамызға арызданған ұстаздар білім басқармасы мен басшылықтың уәдесіне тойып біттік дейді. Күнделікті жүріс-тұрыс пен азық-түлікті былай қойғанда, ипотека мен несиенің пайызы күн санап өсуде дейді жиналғандар. Одан бөлек, жыл сайын бюджеттен бөлінетін сыйақы да кімнің қалтасына кетіп жатқаны белгісіз. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі   Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бізге айтты, наурыз айында кешігуі мүмкін. Бірақ 10-на дейін аласыздар деді. 10-да 15-не дейін аласыздар деді. 15-нен кеше 19-на дейін. -Әдемі алдады. Бүгін сағат 4-ке дейін сіздер 2 айдың айлығын аласыздар деп".
Елордалық мұғалімдердің талабын нөсер жауынның астында тұрып тыңдауға мәжбүр болдық. Басшылықтың ұжымға қыр көрсеткен түрі ме, әйтеуір мектеп қақпасын қанша итерсек те, қара құлыпты ашатын тірі жан табылмады. Қош. Ұстаздар еріккеннен жиналған жоқ. Талап көп.
Эльмира ЖЫРҒАУҚЫЗЫ, № 63 мектеп-гимназиясының мұғалімі Ақпан айының айлығын және наурыз айының айлығын ала алған жоқпыз. Бізге кешегі күнге дейін уәде берген. Кешегі күні екі айдың да айлығы түседі. Кешкі 6-ға дейін деп. Біз кеше күттік шыққан жоқ. Екі сағат зумда директорды күттік. Директор шыққан жоқ".
"Біз өз құқығымызды қорғау үшін келіп отырмыз, иа? Сағат 9-да біздер ұйымдастырып жиналыс аштық. Ол жиналысқа директор қатыспайды екен міндетін атқарушы, бухгалтер қатыспайды, якобы оларды зум істемейді. Біз бір шешімге келдік те, ертең тв шақырамыз деген кезде 5 минуттан кейін бізді бәрімізді жинап, сағат түнгі 10 жарымды жиналыс ашады". Жиналғандардың сөзінше, басқарма жағдайдың бұлайша ушығуын мектеп басшысының ауысуынан көруде. Білім ордасының бұрынғы директоры зейнет жасқа жетуіне байланысты, бір-ақ күнде жұмыстан босатылған. Осылайша бірдің кесірі мыңға тиіп, тұтас бір ұжым тығырыққа тіреліп отыр. Демалыс күн болғандықтан, қалалық білім басқармасынан жауап ала алмайтынымыз белгілі. Мектеп басшылығына хабарластық... "Қазір мұнда біз бір топ мұғаліммен жиналып тұрмыз. Осы жағдайдан хабардарсыз ба? Мұғалімдердің жалақы алмауына қатысты осылай жиналып жатқанына". "Кеше кешке қарай бұл кісілермен зумда жиналғанбыз. Управление образованиемен бухгалтерия болды. Директордың ауысуына байланысты, 24-і күні бұйрық шыққан. Осыған байланысты қақысы болған жоқ жалақыға қол қоюға". "Білім басқармасы кеше жауап берді, 25-і күні мұғалімдер айлықты алады". Мектеп директорының міндетін атқарып отырған Лаззат Күлтаева 25 наурыз күні ұстаздар екі айдың еңбекақысын алады деп сөз берді. Бірақ, басшылықтың кезекті уәдесі ұжымның күмәнін сейілтпеген сыңайлы. Десе де жиналғандарды тағы бір мәселе алаңдатып отыр. Еңбекақымызды ашық талап еткеніміз үшін басқарма қысым көрсетпей ме деген уайым басым.

Жүктелуде...