Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды

ашық дереккөзі

 width= «Қазгидромет» РМК 23 наурызда еліміздің 10 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. 23 наурызда Атырау облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман күтіледі.

 Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерде көктайғақ күтіледі. 23 наурызда солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодар облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының оңтүстік-шығысында күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Қарағанды облысында кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қарағанды қ.: 23 наурызда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 23-25 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, күндіз 23 наурызда найзағай, түнде 24 наурызда көктайғақ күтіледі. 23-25 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Жүктелуде...