Геннади Головкин қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Геннади Головкин қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

ашық дереккөзі

 width= Боксшы Геннадий Головкин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Наурыз мейрамы құтты болсын!! Денсаулық, амандық тілеймін!! Ақ мол болсын!! Уайым-қайғы жоқ болсын!», - деп жазды қазақ тілінде боксшы Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ Головкин бұл постқа өзінің шапан киіп түскен фотосын қоса салған. Суретте қазақ және орыс тілдерінде «Дәстүр. Бүгін. Әрқашан» деп жазылған. Айта кетейік, Г.Головкин биылғы мамыр айында жекпе-жек өткізетіні жоспарланған. Әуелде оның қарсыласы ретінде мексикалық боксшы Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) айтылған еді. Алайда, наурыз айының ортасында Х.Мунгияның промоутері Фернандо Бельтран қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) әзірге өз клиентімен күрескісі келмейтінін мәлім етті. Бельтранның айтуынша, Головкин WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы – жапон боксшысы Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.
«Головкин жапон боксшысын қарсыласы етіп таңдады. Ол – чемпион, сондықтан бұның да рөлі зор. Оның таңдауын құрметтеймін», – деді Бельтран.
Риота Мурата WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы болса, Головкин – IBF және IBO белбеулерінің иегері. Сонымен қатар, осы жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін Геннадий Головкин - Сауль «Канело» Альварес трилогиясы туралы әңгіме басылар емес.  

Жүктелуде...