
Ерлан Сүлейменов, клиникалық-диагностикалық зертхананың бас директоры Азаматтардың белсенділігі артқанын байқап отырмыз. Көбі шетелге іссапар немесе туристік жолдамамен аттанып жатыр. Процедуралық орындарда мамандарымыз 8 есе ауыртпалықпен жұмыс істеуге кірісті. Қазір 1 жарым айға жететін ПТР-тест сынамасы бар. Артығын алсақ, шығынымыз көбейіп кетуі мүмкін. Сынама нәтижесін кемінде бір тәулік күту керек. Кейде ауыртпалықтың артуына байланысты бұл мерзім ұзарып кетеді. Жеке зертханалар күніне 12 мың адамға қызмет көрсетеді.Ерлан Сүлейменов, клиникалық-диагностикалық зертхананың бас директоры: Біз қазір антигенге арналған экспресс-тесттерді сынап жатырмыз. Ол ПТР-сынамаға балама саналады. Әзірге кеңінен пайдалана алмаймыз. Елде бір ғана әдіс қолданылады. Дегенмен, алдыңғысы әлдеқайда тиімді екенін байқадық. 15 минуттың ішінде нәтижесін шығарып береді. Кәсіпорын, кеңседе қызметкердің бойынан симптомдар байқалса, сол жерде сынамасын алып, тез арада тексеру жүргізуге болады. Мемлекеттік мекемелерде де тест-сынамасына тапшылық жоқ. «Санитарлық-эпидемиологиялық органдар тиісті көлемде қамтамасыз етілген», - дейді жауапты министрлік өкілі. Айжан Есмағамбетова, ҚР ДМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Ковидке қарсы зертханалық тексеру мүмкіндігіміз жеткілікті деп ойлаймыз. Сұранысты толық қамтамасыз етеді. Күніне 110 мың адамның сынамасын тексереміз. Алаңдауға еш негіз жоқ. Ковид сынамасына қатысты тағы бір өзгеріс - шетелдегі қазақстандық туристер елге оралмас бұрын тест тапсырып келулері керек. Бұл жақында ғана енгізілген талап. Алайда барлығына бірдей қолданылмайды. Әзірге тек туристік фирма клиенттері осы міндетті орындауы тиіс. Ал өз бетімен шетелге барғандардың елге келген соң да ПТР-тест тапсыруға мүмкіндіктері бар.
Дерекеккөз: Хабар 24