Норвегия Стортингі депутаты: Бұл мереке бүкіл әлемге ортақ болып табылады

Норвегия Стортингі депутаты: Бұл мереке бүкіл әлемге ортақ болып табылады

ашық дереккөзі

 width= Қазақстан тұрғындарын Ұлыстың ұлы күні мерекесімен Норвегия Стортингі депутаты, Көлік және коммуникация тұрақты комитетінің мүшесі Тор Андре Йонсен, құттықтады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

 «Қазақстан халқына сәлем! Мен өзімнің туған жерім Брумундал қадасындағы Мьёсторне (Mjøstårne) атты әлемдегі ең биік ағаш ғимаратының жанында тұрмын. Барлықтарыңызды керемет ежелгі Наурыз мерекесімен құттықтаймын!. Біз күрделі заманды бастан кешіп отырмыз. Дегенмен, көктем келді. Көктем - жаңару уақыты, табиғаттың жандану кезеңі. Сондықтан бұл мереке бүкіл әлемге ортақ болып табылады. Сіздерге жыл бойына сәттілік, зор денсаулық, молшылық пен күш-қуат тілеймін!. Қазақстан халқына жалынды сәлемімді жолдаймын! Наурыз құтты болсын!»,-делінген норвегиялық депутаттың құтықтауында.
https://youtu.be/SIkACKcEDBM

Жүктелуде...