weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
22 наурыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркі халықтары Наурызды Анкарада тойлады

Түркі халықтары Наурызды Анкарада тойлады

Түркі халықтары Наурызды Анкарада тойлады
ашық дереккөзі
 width=
Анкара қаласы Кечиөрен аудан әкімдігі ұйымдастыруымен, Қазақстан, Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Пәкістан елшіліктерінің қатысуымен Наурыз мерекесіне орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Қазақстанның Түркиядағы Елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.
 width=
Мерейлі шараға Кечиөрен аудан әкімі Тургут Алтынок, аудан губернаторы Уғур Булут, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түрксой Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, қатысушы мемлекет Елшілері, аудан маслихаты депутаттары, қала тұрғындары, қазақ диаспорасы мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.
Наурыз тойы барысында жергілікті тұрғындар үшін қазақтың киіз үйі тігіліп, халқымыздың бай мұрасы насихатталды. Қонақтарға наурыз көже таратылып, салт-дәстүрлеріміздің тарихы таныстырылды.