
2021 жыл Қазақстан үшін елеулі мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Елбасының көшбасшылығы, даналығы мен іргелі бастамаларының арқасында бірлігі жарасқан ел атандық.
Бірлігі нығайған Қазақстан қай кезде де сынақтан сүрінбей өтті.
Әз-Наурыз мерекесінде
"Халық" қоры азаматтық белсенділік танытып, "Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" атты ірі науқанын қолға алды. Қор covid-19 пандемиясының және
карантиндік шаралардың салдарынан қиын жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасылар үшін азық-түлік жиынтығын сатып алды.
"Халық" қайырымдылық қоры 15 000-нан астам азық-түлік себетін ұйымдастырды. Әр себетте салмағы 50 келіден асатын азық-түлік бар.
Қазіргі уақытта азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес еліміздің барлық өңірінде отбасыларға таратылып жатыр.
Пандемияның алғашқы күнінен бастап, бұл ел басына түкен
сынақ екені белгілі. Осындай қиын-қыстау шақта ынтымақ пен бірліктің озық үлгісін көрсетіп, бір-бірімізге жанашыр боулымыз керек.
"Халық" қайырымдылық қоры кәсіпкерлер мен қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін бірігіп,
"Ел тірегі – Елбасы"акциясын қолдауға шақырады.
Мұндай акция 2021 жылда бірнеше рет ұйыдастырылады деп жоспарлануда. Ел бірлігі дамудың сара жолы болып отыр. Сондықтан халықтың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайын жақсарту әрбірімізге жүктелген міндет.