Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

ашық дереккөзі

 width= Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Ержан Жылқыбаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. Облыс орталығының жаңа әкімін қала активіне аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев таныстырды.

«Айтқазы Қарабалаевтың атқарған жұмысына рақмет айтамын. Тараз облыс орталығы болғаннан кейін оның дамуы аймақтың дамуына тікелей байланысты. Ержан Жылқыбаев біраз жерде қызмет атқарды, сыннан өтті. Тараздың дамуына бар тәжірибесін салады деп сенемін. Ең бастысы, бірігіп жұмыс істеу керек. Тараз мәдени, туризм ордасы болуы керек. Былтырғы жыл Қордайға көп көңіл бөлінсе, биыл Таразға ерекше назар аударылмақ. Халықтың жағдайын жақсарту, әлеуметтік нысандар салу, инфрақұрылымды, келбетін жақсартуға көңіл бөлінеді», - деп атап өтті Бердібек САПАРБАЕВ.

Жүктелуде...