weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
19 наурыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елбасының бейнесі бар монетелар айналымға шығарылмақ

Елбасының бейнесі бар монетелар айналымға шығарылмақ

Елбасының бейнесі бар монетелар айналымға шығарылмақ
ашық дереккөзі
 width=
Қазақстан Ұлттық Банкі құрамдас бөлігінде алтын компоненті бар күмістен жасалған номиналы 1000 теңгелік «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN» коллекциялық монеталарын шығарады. Монеталар сатылымға шығатын күнге қатысты ақпарат Ұлттық Банктің ресми сайтында қосымша жарияланады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Номиналы 1 000 теңгелік, жалпы массасы 62,2 грамм, 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, «proof» дайындау сапасымен, диаметрі 50 мм монеталар 1 000 дана таралыммен дайындалған. Монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылдануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті. Монеталар кәдесый орамында шығарылады және мемлекеттік тілде, орыс, ағылшын тілдерінде Қазақстан Ұлттық Банкінің нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.